Қостанай облысында 14 блокбекет қойылған
Қостанай облысында 14 блок бекет жұмыс істеп тұр. Төтенше жағдай басталғалы бері бұл бекеттерде 7 мыңға жуық автокөлік тексеруден өтті. Аймақтағы жағдайды тікелей эфирге қосылған осы өңірдегі тілшіміз Дәуренбек Әбдібек айтады.
Дәуренбек Әбдібек, тілші:Қостанай облысында жағдай тұрақты. Елді алаңдарлықтай қиындықтар туындап жатқан жоқ. Барлық әлеуметтік мекемелер мен дүкендер жұмыс істеп тұр.Тіпті ойын -сауық орталықтары да ашық. Құқық қорғаушылар қоғамдық тәртіпті күні -түні қадағалауда. Елдің ең басты талабы сұйық отынның бағасын төмендету Қостанайда да жүзеге асты. Қазір аймақта сұйылтылған газ 70 теңге. Ал көпшілік тұтынатын АИ -92 маркалы бензин 182 теңгеге сатып жатыр. Өңірде көліктер мен азаматтардың жүріс-тұрысын қадағалайтын 14 тосқауыл бекеті орнатылған. Төтенше жағдай басталғалы бұл бекеттерде жеті мыңға тарта көліктен оң мың алты жузден астам тексерілді. Әзірге тәртіп бұзғандар жайлы дерек жоқ.
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04