Қызылордада бір тәулікте 399 адам індет жұқтырды
Қызылорда облысында коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті. Өткен тәулікте 399 адамнан індеттің белгілері анықталған. Аймақтағы эпидемиологиялық ахуалды баяндау үшін әріптесім Әділбек Серікұлы бізбен тікелей байланысқа шығып тұр.
Әділбек Серікұлы, тілші:
Өңірдегі инфекциялық стационарларда коронавирусқа шалдыққан 331 науқас ем алып жатыр. Соның 13-і жансақтау бөлімінде. Жалпы ауруханалардың жүктемесі қазір 53 пайызға жеткен. Дегенмен, эпиджағдай ушыға берсе 3 200 төсек-орынға дейін ұлғайту мүмкіндігі қарастырылған. Індеттің ілмегіне түскендердің көбі симптомсыз жағдайда өтіп, үй карантині белгіленген. Дәрігерлер бақылауында. Күні кеше облыстың Бас санитары карантиндік шектеулерге өзгеріс енгізді. Жаңа қаулыға сәйкес облыстағы 600 балаға дейінгі мектептерге дәстүрлі форматта оқуға рұқсат берілді. Ал, бала саны көп үлкен білім ордаларында 1-2 сынып оқушылары офлайн оқитын болды. Сондай-ақ, жоғары оқу орындарының студенттері аралас оқу форматында білім алады.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04