Жанама сайлау әкімдердің орталыққа тәуелділігін азайтып, қоғаммен байланысын нығайтады – депутат
«Облыс және республикалық маңызы бар қала әкімдері жанама сайлануы тиіс». Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауда айтқан маңызды бастамаларының бірі осы. Яғни, әкім болуға кем дегенде екі кандидат ұсынылады. Президент әкімдерді мәслихаттардың шешімінен кейін тағайындайды. Бұл өз кезегінде депутаттардың мәртебесін арттырып, мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыруға жасалған үлкен қадам болмақ.
Гүлмира Қапенова, облыстық Мәслихат депутаты:
Неге адамдар түйткілдер туындағанда жергілікті басшылар жедел шешім қабылдауға қауқарсыз деп наразылық білдіреді? Себебі шынымен де аймақ әкімі орталыққа толық тәуелді. Сол жоғары жақтың пікіріне құлақ асады, шешімін күтеді. Сондықтан жанама сайлау әкімдердің орталыққа тәуелділігін азайтып, жергілікті қоғаммен байланысын нығайтады деп ойлаймын.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04