Түркістан қаласында 100-ге жуық жер телімі мемлекетке қайтарылды
Түркістан қаласында жылдар бойы игерілмеген жер учаскелері мемлекетке қайтарылуда. Соңғы екі апта көлемінде зерделеу жұмыстарын жүргізген жұмыс тобы бүгінгі дейін 100-ге жуық жер телімдерін арнайы қорға өткізген. Тексеру барысында облыстың геопорталы мен мемлекеттік автоматтандырылған жер кадастр жүйелері қолданылған. Сонымен қатар ғарыштық түсірілімдер де игерілмеген жерлерді анықтауға септігін тигізді, дейді мамандар. Қалалық прокуратураның мәліметінше, қайтарылған жерлердің кадастрлық құны 135 млн теңгені құрайды.
Мақсат Жүсіпбай, Түркістан қалалық прокуратурасының бөлім бастығы:
Жүз жер учаскесінің ішінде 35 шақтысы ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге қожалық жүргізу үшін арналған. Қалғаны кәсіпкерлік, оның ішіндегі кәсіпкерліктен бөлек тұрғын үй мақсатында берілген. Тұрғын үй құрылысы үшін берілген мерзімде игерілмегендіктен арнайы қорға қайтарылды.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04