Талдықорғанда өзен жағасына көп мөлшерде белгісіз сұйықтық төгілген
Талдықорған маңындағы Қаратал өзенінің жағасына көп мөлшерде белгісіз сұйықтық төгілген. Қала тұрғынының хабарламасынан кейін оқиға орнына Экология департаменті, Табиғат қорғау прокуратурасының өкілдері, тәртіп сақшылары мен әкімдік қызметкерлері барып, тексеру жүргізді.
Қазір мамандар қара майға ұқсас заттың құрамы мен қоршаған ортаға келтірген залалы қандай екенін анықтап жатыр. Экологтардың алдын ала болжамы бойынша, көлік қозғалтқышының майы болуы мүмкін.
Тиісті сараптама тағайындалып, сұйықтықты төгіп кеткендер іздестіріліп жатыр. Сараптама қортындысы шыққан соң оны жою мәселесі қолға алынбақ.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04