«Sarap» эксперттік клубы алдағы президенттік сайлау тақырыбын талқылады
«Sarap» эксперттік клубы алдағы президенттік сайлау тақырыбын талқылады. Жиынға саясаттанушылар мен қоғам белсенділері қатысты. Олар кезектен тыс президент сайлануының маңыздылығы, қазіргі сайлау науқанының негізгі тенденциялары тақырыбында пікір алмасты. Сондай-ақ, алдағы сайлауға азаматтардың белсенді қатысуының маңыздылығы атап өтті. Басқосу барысында Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеу тақырыбы да талқыланды.
Ерлан Ахмеди, Қоғамдық саясат институтының бас сарапшысы:
Бүгінгі іс-шара алдағы сайлауға орай байланыстырылған. Сарапшылар өз пікірлерін айтуда. Ең бастысы бұл сайлауда егерде біз шынымен де саяси мәдениетімізді қалыптастыруды қаласақ, мақсат ретінде қойсақ, азаматтар белсенді болуы керек. Сайлауға барып, өз таңдауын жасап, бақылаушы болып, барлық кандидаттың бағдарламасымен танысып, осының арқасында біз жаңа саяси мәдениеті бар мемлекетке айналып, демократиялық құндылықтарға негізделген мемлекеттік жүйе құратын боламыз.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04