Түркістан облысында 300-ден астам мұғалімнің дипломы талапқа сай болмай шықты
Түркістан облысында 300-ден астам мұғалімнің дипломы талапқа сай болмай шықты. Мұны сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшылары мәлімдеді. Ұстаздардың жоғары білім алғанын айғақтайтын дипломының дұрыстығына талдау жүргізу кезінде бірқатар кемшілік анықталған. Нәтижесінде 128 мұғалімнің құжатының шынайылығы расталмады. Шетелдерде оқыған мұғалімдердің дипломын тексеру кезінде де заңбұзушылықтар тіркелген. Ал, облыстық прокуратураның дерегіне сай бір ғана Сауран ауданында 60 ұстаздың жалған дипломмен жұмыс істеп жүргені әшкере болды.
Дулат Әшірбеков, Облыстық прокуратураның басқарма прокуроры:
Облыс прокуратурасымен тексеру барысында 5 колледжге қатысты жалған диплом анықталды. 5 мұғалімге қатысты. Ал, жалпы 65 мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеп келген. Қазіргі таңда тергеп тексеру басталды. Онға жуық мұғалім жұмыстан шығарылды.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04