Ұлттық банк ноталарын сатып алған банктер салық төлейді
Бұдан былай екінші деңгейлі банктер Ұлттық банк ноталары арқылы табыс тапқысы келсе, салық төлеуге міндеттеледі. 1 қаңтардан бастап «Жеке тұлғаларды оңалту және банкроттық туралы» заң күшіне енуі керек. Үкімет отырысында Президент қаржылық жүйені реттеу туралы тапсырма берді.
Экономистер бұл банктерді халыққа емес, бизнеске көбірек несие бөлуге бағыттау үшін жақсы мүмкіндік деп санайды. Өйткені елде тұтынушылық несиенің көлемі кәсіпкерлікке берілетін қарыздан көп. Банктерге арналған салық әділ экономикалық саясат жүргізуге қолдау болады.
Мақсат Халық, экономист:
Екінші деңгейлі банктер артық қаражаты болса, Ұлттық банк ноталарына салып қоятын әдеті бар деді. РЕПО дейтін операциялар бар. Сол жерде отырып, табыс таба береді. Өйткені базалық мөлшерлеменің өзі жоғары. Ал ондай оп-оңай келіп тұрған табыс тұрған кезде қандай екінші деңгейлі банк тәуекелге барып бизнесті қаржыландырғысы келеді?! Демек, бұл - дұрыс емес.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04