Елімізде Отбасының цифрлық картасы іске қосылды
Елде Отбасының цифрлық картасы іске қосылды. Бұл «Smart Data Ukimet» деп аталатын сараптамалық жүйеде тұр. Онда табыс деңгейі, жылжымалы және жылжымайтын мүліктің, кредиттің болуы, отбасы құрамы және осы секілді әртүрлі ақпарат бар. Қазір Отбасының цифрлық картасында 19 млн 500 мың азамат, яғни 6 млннан аса отбасы туралы мәлімет жинақталды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, осы деректер арқылы әл-ауқатты бағалауға және қадағалауға мүмкіндік беретін талдау жүргізіледі. Былтыр қыркүйекте пилоттық режимде іске қосылған карта арқылы 13 мыңға жуық азаматқа мемлекеттік қолдау көрсетілген. Қазір бұл арқылы жәрдемақы мен әлеуметтік төлемнің 9 түрі бойынша қызмет алуға болады.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04