Қазақстандық биатлоншылар екі бірдей жүлде алды
АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан Қысқы Универсиада ойындарында қазақстандық биатлоншы Бекентай Тұрлыбеков чемпион атанды. 10 шақырымдық спринт жарысында ол бірде-бір оқты қиыс атқан жоқ. Осылайша ел құрамасының қоржынына үшінші алтын жүлде түсіп отыр. Бекентайдан кейінгі екінші орын АҚШ спортшысына бұйырды. Ал, үздік үштікті қазақстандық тағы бір биатлоншы Александр Мухин еншіледі. Нәтижесінде осы сайыста ел құрамасы бір алтын, бір қола медаль алды. Бұған дейін биатлоншы Вадим Куралес пен шаңғымен секіру спортынан Данил Васильев чемпион болған еді. Жалпы есеп бойынша Қазақстан құрамасы 3 алтын, 1 қола жүлдемен үшінші орынға көтерілді. Алда Жапония мен Финляндия құрамалары көш бастап тұр.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04