Түркістан облысында қар құрсауында қалғандар құтқарылды
Түркістан облысында полицейлер боранда қар құрсауында қалған көлік жүргізушілері мен жолаушыларға көмектесті. Созақ ауданындағы Одаман асуында бораннан бірнеше көлік 11 сағат бойы жолда тұрып қалған. Оларға «Оңтүстік жолдары» мекемесінің жұмысшылары мен тәртіп сақшылары көмек көрсетті. Оқиға орнына жету үшін арнайы техника қолданылды. Жол ашылған соң полиция қызметкерлері тоңып қалған адамдарды Таскөмірсай жылыту бекетіне жеткізген. Сондай-ақ үлкен техника көмегімен қарға батып қалған 5 автокөлік қауіпсіз аумаққа шығарылды.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04