Қазақстан мен Қытай арасындағы шекара қайта ашылды
Қазақстан мен Қытай шекарасындағы «Қорғас» шекарамаңы халықаралық ынтымақтастық орталығы бүгін қайта ашылды. Екі елдің сауда-саттығын еселеп, тауар айналымын арттырып келген кешен пандемия кезінде үш жыл жұмыс істемеді. Үш жыл бойы жергілікті тұрғындар мен кәсіпкерлер табысынан қағылып, біраз қиналды. Алайда шекара жабық болса да орталық терминалдарын жаңартып, адам және жүк өткізу пункттерін талаптарға сай етті. Автобус және жүк көлік паркін жаңалап, жүк қабылдап-шығару ережелеріне өзгерту енгізді. Орталық жұмыс істеп тұрған жылдары мұнда бір күнде үш мыңға дейін адам кіріп шығатын. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 5 мыңға дейін көбейту көзделген.
Біржан Жылқайдаров, «Қорғас» ХШЫО төрағасы:
Қабылдау бөлімдерінде Қытай жағынан тапсыратын болады. Әрбір адамға 31 келіге дейін шектеу қойылған. Ол өздеріңіз білетіндей, 107-ші Евразиялық комиссияның шешімімен қабылданған. Сол арқылы әрбір жеке тұлғаға 35 келі болады.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04