Қатардағы сайыста дзюдошылар жүлдесіз қалды
Қатарда өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатының алтыншы күнінде де жерлестеріміз жүлдесіз қалды. Бүгін Нұрлыхан Шархан мен Аруна Жангельдина бәсекелерін екінші айналымнан бастады. 100 келіде жүлдеге таласқан Шархан әуелде тұманды альбион өкілін, артынша, әлем чемпионатының 6 дүркін жүлдегері, гүржі балуанын тізе бүктіріп, сенсация жасады. Жартылай финалдың жолдамасына 2 дүркін Олимпиада чемпионы – Лукашпен таласқан отандасымыз өкінішке қарай белдесудің алғашқы бөлігінде жеңіліп қалды. Ширек финалда сүрінген ол, жұбаныш белдесулерінде бақ сынады, Шарханның бұл жолы да жолы болмады. Ал, 78 келіде ел намысын қорғаған Аруна Жангельдина алғашқы айналымда-ақ жеңіліп қалды.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Читайте также
Все
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қоғамның жемқорлықтан жаппай жиренуіне қол жеткізуіміз қажет»
25.11.2026, 10:51
Азаматтар конституциялық құқықтарын қорғауда белсенді
25.11.2026, 10:13
Чилиге алғаш рет барған Димаш Құдайбергенді жанкүйерлері қарсы алды
25.11.2026, 10:12
Қоқысты сұрыптау – таза болашаққа қадам
25.11.2026, 10:12
Қоңыр аю саны 27 пайызға көбейді
25.11.2026, 10:11
Полицейлер 38 бас жылқыны аман алып қалды
25.11.2026, 10:10
Ғалымдар обырды емдеудің жаңа жолын зерттеп жатыр
25.11.2026, 10:09
Президент «Халықтық құрылыс» бойынша мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті
25.11.2026, 10:08