Маңғыстауда кен орнындағы өрт айдың соңында өшіріледі
Маңғыстауда «Оңтүстік Қаратұрын» кен орнындағы өрт 2 айдан аса уақыт өтсе де әлі жанып жатыр. Мамандар қызыл жалынды тамыздың соңында ауыздықтауды жоспарлап отыр.
Бүгінде жанып жатқан ұңғымаға көлбеу бірі 68 метр, екіншісі 509 метр жер қазылып, бағаналар түсірілген. Енді үшінші бағыт бойынша 1400 метрге жуық аумақ қазылып жатыр. Осы жұмыс аяқталысымен мамандар апатты жоюға кіріспек. Айта кетейін, 9-маусымда Ақтаудан 277 шақырым жердегі кен орнында, ұңғыманы жөндеу жұмыстары кезінде өрт шықты. Газ-су аралас қоспа содан бері жанып жатыр. Арнайы штаб құрылды. Олар апатты жоюдың жоспарын әзірлеп, техникалық жоба дайындады.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04