Астанада Ұлттық Дельфий ойындары өтіп жатыр
Ауқымды шараға 500-ге жуық өнерпаз қатысуда. Олар түрлі аспаптарда ойнап, ән шырқап, би биледі. Сондай-ақ, киім дизайны бойынша сынға түсуде. Ең жас қатысушы 10 жаста. Ал ең үлкені 25-те. Олардың барлығы іріктеуден өткен үздіктер. «Silk Way Creative Games» 14-Ұлттық Дельфий ойындарындағы жеңімпаздар ертең анықталады. Дода үздіктерДІҢ Гала-концертімен аяқталады. Шара мақсаты - өскелең ұрпақты өнерге баулып, жас дарындарды анықтау.
Байқоңыр Ижанов, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры:
Бұл Дельфий ойындарына биыл 2500 жыл болды. Біздің эрамызға дейінгі заманда сонау грек жерінде басталған. Осы дельфий ойыны олимпиадалық ойын сияқты сондай дәстүрде, ол спорт ойын болса, бұл өнер саласы бойынша. Биыл 14-ші дельфий ойындары осы Астанада 14 номинация бойынша өтеді.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04