Бельгияда әлеуметтік демпингке қарсы шеру өтті
Бельгияда мемлекеттік және жеке сектор қызметкерлері жұмысты тоқтатып, наразылық акциясын ұйымдастырды. Елдегі үш ірі кәсіподақ ұйымының мәліметінше шеруге 10 мыңнан астам адам қатысқан. Олар қаланың басты көшелерін жауып, көлік қозғалысын қиындатты. Шерушілер әділет министрі ұсынған жаңа заң жобасын қабылдауға наразы. Айтуларынша, заң-азаматтарды ереуілге шығу құқынан айырып, бейбіт наразылықты шектеуге бағытталған.
Пьер Клуше, шеруге қатысушы:
Бұл заң-біздің қарсылық білдіру құқымыз, сөз бостандығы үшін қауіпті. Демократия қайда сонда? Диктатура орнатпақ. Біз соңына дейін күресеміз.
Мари Клувэ, кәсіподақ ұйымының мүшесі:
Шеруге шығып, жеке пікірімізді айтуға енді сот тыйым салмақ. Бұған жол беруге болмайды. Сол үшін министрдің кабинетінің алдына келіп тұрмыз.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04