Польшада сайлаудың алдын ала нәтижесі жарияланды
Польшада өткен парламенттік сайлауда биліктегі «Құқық және әділет» партиясы алға шықты. Дегенмен олар үкімет құрамын жасақтауда қиындықтарға тап болуы мүмкін. Экзитполға сай, бұл партия 38 пайыздан астам дауыс жинаған. Одан кейінгі Азаматтық коалицияға сайлаушылардың 31 пайыздан астамы дауыс берді. «Рейтердің» мәліметіне сүйенсек, либералдық оппозицияның жеңіске жетуге мол мүмкіндігі бар. Дональд Туск басқаратын Азаматтық коалиция «Құқық және әділет» партиясының 8 жылдық билігін аяқтауды көздейді. 2015 жылы билікке келген бұл партия Еуроодақпен заң үстемдігі, БАҚ еркіндігі, миграция мәселелері жайында ортақ ұстанымға келе алмай отыр.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04