Израиль атысты тоқтатпайтынын мәлімдеді
Израиль Газа секторына әуеден соққы беруді жалғастырып жатыр. Бұған қоса соғыстың келесі кезеңіне дайындалып жатқанын мәлімдеді. Газа тұрғындарына гуманитарлық көмек жеткізу үшін атысты тоқтата тұруға да келіскен жоқ. Мысыр мен Газа арасындағы «Рафах» шекара өткелі маңында сектор тұрғындарына көмек тиеген жүздеген жүк көлігі жиналып қалған. Алайда шекара қашан ашылары белгісіз. Соңғы мәліметтерге қарағанда Израильдің әуе шабуылдарынан 2800 палестиналық қаза тапты. Жараланған адам саны 9 мыңнан асқан. Ал Израильде Хамастың шабуылынан мерт болғандар саны 1300-ге жетті. Қарулы топ 250-дей израиль тұрғынын тұтқынға алған.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04