Непалда жойқын зілзала құрбандарының саны 150-ден асты
Непалда жойқын зілзала құрбандарының саны 150-ден асты. 100-ден астам адам жараланған. Қуаты 5,6 балдық дүмпу ел астанасы Катмандуда, сонымен бірге көршілес Үндістанның Делиі мен өзге де қалаларында сезілген. Бірінші жер сілкінісінен кейін үш мәрте дүмпу болған. Адамдардың көбі түнді далада өткізді. Құтқарушыларға көмекке әскерилер мен қауіпсіздік қызметкерлері тартылған. Алайда жолдар бұзылып, құтқару жұмыстарына кедергі келтіріп жатыр. Непал жоғары сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқандықтан, бұл елде жер сілкінісі жиі болып тұрады. 2015 жылы бірінен соң бірі болған дүмпуден, мұнда 9 мыңдай адам қаза тапты.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04