Газада 4 сағат гуманитарлық үзіліс жасалды
Газа қаласында алғаш рет төрт сағаттық гуманитарлық үзіліс жасалды. Бұл уақыт тұрғындарға су мен азық-түлік алу үшін берілген.
Бұған қоса, соңғы тәулікте анклавқа гуманитарлық көмек тиеген 80 жүк көлігі кірді. Ал бес күн қатарынан ашық тұрған эвакуациялық дәліз арқылы кеше 50 мыңдай адам сектордың солтүстігінен оңтүстігіне кетті. Израиль армиясының мәлімдеунше, бұл Хамас Газа секторының оңтүстігін бақылауынан шығарғанын көрсетеді. Премьер-министр Биньямин Нетаньяху қарулы топтың кепіліндегі азаматтар азат етілмейінше, атыс тоқтамайтынын қайта мәлімдеді. Кейбір деректерге сай, Хамас үшкүндік гуманитарлық үзіліске айырбас ретінде 12 адамды босатуға дайын.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04