Талдықорған қалалық полиция бастығы қамауға алынды
Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы Марат Күштібаев қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды.
Басшының үстінен ішкі қауіпсіздік қызметіне 27 жастағы бойжеткен арызданған. Шағымданушы оқиға полиция полковнигінің қызметтік кабинетінде болған деп көрсеткен. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Ал басқарма бастығы Ескелді ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Атығай Арыстанов, Жетісу облыстық полиция департаментінің басшысы:
ҚР ҚК 120-бабы 2-бөлігі зорлау бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жайлар, қажетті сараптамалар тағайындаумен сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында зерделенеді. Қылмыстық істі тергеу ҚР ІІМ ерекше бақылауына алынды.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04