Бүгін елімізде 96 мектеп пайдалануға берілді
Бүгін еліміздің әр түкпірінде 96 жаңа мектеп ашылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады. Осылайша үш ауысымды, апатты мектептер азайып келеді деді ведомство өкілдері.
Жыл аяғына дейін тағы 132 мың орынға арналған 154 мектеп пайдалануға берілмек. Оның 62-сі Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен салынып жатыр. Бұл 12 апатты және 29 үш ауысымды мектептің мәселесін, 113 елді мекендегі оқушы орындарының тапшылығын шешеді.
Сондай-ақ, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында биыл 217 мектептің құрылысы басталды. Олар да жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Жалпы, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде 740 мың оқушыға арналған 369 «Жайлы мектеп» салу жоспарланған.
Аида Ахметбек
Автор
Аида Ахметбек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04