Ақтөбеде хостелдер жартылай босап қалған
Ақтөбедегі хостелдерге баратын адам азайып кеткен. Бірақ бұның Алматыдағы оқиғамен еш байланысы жоқ, - дейді кәсіпкерлер. Өйткені жазда адамға лық толы болатын нысандар қыста жартылай босап қалады екен. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қаладағы жатақханалар мен хостелдерге рейд жүргізді. Әсіресе, теміржол вокзалы маңындағы нысандарға ерекше мән берілді. Себебі, мұнда көбіне сырттан келетін қонақтар аялдайтындықтан, ұрлық-қарлық жиі болады. Келушілер мен кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігін сақтау ережелері түсіндіріледі.
Аслан Арзымбетов, Алматы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы:
Кемшіліктер анықталады өрт сөндіргіштердің жеткіліксіздігі, эвакуациялық жолдарды жауып тастауы, эвакуациялық жоспарлар бар ғой, объектен шығатын, солардың дұрыс болмауы. Нұсқама береміз объект басшысына, ол сосын ары қарай өзі орындайды.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04