Жапонияда бірнеше министр қызметінен кетті
Жапонияда министрлер кабинетінің бас хатшысы мен 4 бірдей министр қызметінен кетті. Бұған үкіметте туындаған ақша жинау дауы түрткі болды. Отставкаға кеткен шенеуніктердің барлығы Либералды-демократиялық партияның экс-премьері, марқұм Синдзо Абэ басқарған фракциясына қарасты. Олар АҚЫЛЫ шаралар мен кештерге билетті нормадан асырып сатқан фракция мүшелеріне ақша төлеген. Мұндай төлемдерді фракцияға мүше 100 адамның барлығы алған, алайда мұны қаржылық есеп берулерде көрсетпеген. Мысалы, министрлер кабинетінің бас хатшысы соңғы 5 жылда 69 млн доллардан астам кірісін жарияламаған. Бұл іске кінәлі деп табылғандарды айыппұл төлеу, тіптен түрмеге қамау жазасы күтіп тұр.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04