Атырауда жұмыртқа бағасы күрт қымбаттады
Атырауда жұмыртқа бағасы күрт өсті. Қазір бір жұмыртқа 68 теңгеден сатылып жатыр. Бір аптаның ішінде 10 теңгеге қымбаттаған. Жергілікті билік бағаның өсуіне тауардың өзіндік құны жоғарылауы сеп болған дейді. Жалпы өңірге жұмыртқаның 90 пайызы басқа аймақтардан әкелінеді. Ал аймақтағы жалғыз құс фабрикасының жұмысы соңғы уақытта тұралаған. Зауыт әзірге бір ғана қуаттылықпен жұмыс істеп тұр. Келер жылдан бастап, қуаттылықты 4 есеге өсіріп, өңірдегі тұтыну қажеттілігінің тең жартысын жаппақ.
Алтынай Ерубаева, Атырау қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлім басшысының орынбасары:
Қазіргі уақытта біздің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өніміне жататын тек қана с1 жұмыртқасы жатады. Ол қазір арнайы 36 нүктеде 61 теңгеден сатып алынып жатыр. Біздің шекті баға ол 62 теңге.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04