Түркияның әуе күштері Ирактың солтүстігі мен Сирияны әуеден шабуылдады
Түркияның әуе күштері Ирактың солтүстігі мен Сирияға соққы берді. Әскерилер Күрдістан жұмысшылар партиясына тиесілі 29 нысанды жойған. Түркияның қорғаныс министрлігінің мәліметінше, шабуыл Ирактың солтүстігінде соңғы екі күнде 12 сарбаз қаза тапқаннан кейін жасалған. Бұған қоса, қарулы топтың 30 мүшесінің көзі жойылды. Күрдістан жұмысшылар партиясын Түркия, Еуропа Одағы, АҚШ үкіметтері террорлық ұйым ретінде таныған. Аталған топ Түркия мемлекетіне қарсы сепаратистік әрекетін 1984 жылы бастады.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04