Тель-Авивте демонстранттар үкіметтен кепілдегілерді босатуды талап етті
Тель-Авивте шеруге шыққан демонстранттар «Хамас» қарулы тобының кепіліндегі азаматтарды босатуды талап етті. Бұған қоса, қаладағы Қорғаныс министрлігі ғимараты жанында үкіметке қарсы тағы бір наразылық акциясы өткен. Жүзден аса израильдік азаматтың палестиналық қарулы топтың кепілінде отырғанына жексенбіде 100 күн болды. Бастапқыда тұтқынға алынғандардың саны 240 еді. Уақытша бітім кезінде Хамас 105 адамды босатты. Израиль мен Хамас арасындағы қарулы қақтығыс қазанның 6-да басталды. Содан бері Израильдің шабуылдарынан қаза тапқан палестиналықтардың саны 22 мың 800-ге жуықтаған.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04