Президент Оразалы Сәбденді қабылдады
Алматыға сапары барысында Мемлекет басшысы белгілі экономист, қоғам қайраткері Оразалы Сәбденді қабылдады. Кездесуде еліміздің экономикалық даму перспективалары жан-жақты талқыланды. Президент былтыр Жоғары білім және ғылымды дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданғанын атап өтіп, мемлекеттің салаға баса мән беретінін айтты. Ғылым академиясының жай-күйін әрдайым жіті назарда ұстайтынын жеткізді. Өз кезегінде Оразалы Сәбден ғылым саласын дамытуға қатысты ұсыныстарымен бөлісті.
Оразалы Сәбден, экономист, қоғам қайраткері:
Ауылға қазір кредиттер балық асырауға, малға 2,5 пайыз кредиттер беріліп жатыр. Ал жерді игеруге субсидия мәселесі нашар деп жатыр ауылда. Міне осы мәселені де мен көтердім. Енді ғалым болғаннан кейін ғылым мәселесін де мен көтердім. Ғылымға жақсы серпіліс беріліп жатыр. Енді ғалымдардан қайтарым болуы керек.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04