Маңғыстаудан Ақтөбеге 13 тонна көмек жіберілді
Маңғыстаулықтар Ақтөбе облысына 13 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберді.
Азық-түлік, киім-кешек, басқа да тұрмысқа қажетті заттар тиелген 6 жүк көлігі Ақтаудан Ақтөбеге қарай бағыт алды. Көрші аймақтарды су басып жатқанда, облыс тұрғындары бей-жәй қарап қалмаған. Бірі азық-түлік, енді бірі көрпе-төсек әкеліп, үлестерін қосқан. Бас-аяғы тұрғындардан 10 тоннадан аса жылу жиналды. Оған белсенді жастардың бастамасымен жиналған 3 тонна гуманитарлық көмек қосылды.
Серік Тұманшаев, Ақтау қаласының тұрғыны:
Мынандай апат болып жатқанын естіп, шама келсе жата алмай. Сау болсын мына халық көпшілік қанша дегенмен көпшілік қой көмектесіп жатыр бәрі жан жақтан. Ал балдарға айтатыным сәттілік тілеймін. Аман есен апарып, осы жұрттың аманатын апарып тапсыруға тілектеспін.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04