Қостанай облысында Тобыл өзені деңгейінің көтерілуі тоқтады
Қостанай облысында бүгін түнде Тобыл өзенінің деңгейі көтерілуі тоқтады. Бұған Қаратомар қоймасынан жіберілетін судың көлемі секундына 3050 текшеметрге дейін азайтылуы себеп. Бір тәулік бұрын бұл көрсеткіш секундына 3300 текшеметрге жеткен еді. Соның салдарынан өзенге жақын орналасқан Рудный, Қостанай, Тобыл қалалары мен бірнеше ауылдың шеткі көшелерін су басты. Алайда судың көтерілуі тоқтатағанымен әлі деңгейі түскен жоқ. Сондықтан қауіп сейілді деуге әлі ерте. Ал бұған дейін эвакуацияланған Қаратомардың жоғары жағындағы елдімекендердің тұрғындары үйлеріне қайтып жатыр.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04