СҚО-да су тасқынынан зардап шеккен 3 мың отбасы бір реттік төлем алды
Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен 3 мың отбасы 100 АЕК көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек алды. Оның жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асады. Арнайы комиссия 347 үйдің жағдайын зерттеді. 125 баспанаға қатысты қорытынды шығарылды. Оның нәтижесіне сәйкес 23 үйді қалыпқа келтіруге болады.
Сонымен қатар, Ойқала ауданында кейбір отбасылар өз баспаналарына орала бастады. Олардың үйлеріне тасқынның бірінші толқыны кезінде жартылай су кірген болатын. Табиғи апаттан зардап шеккен нысандарың басым бөлігі Петропавл қаласында орналасқан. Жалпы өңірде 3800-ден астам үйді су басты. 14 мыңнан астам адам эвакуацияланды.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04