Комиссия бағалау нәтижесімен келіскен тұрғындардан өтініш қабылдау басталды
Атырау облысы Құлсары қаласындағы комиссия залалды бағалау нәтижесімен келіскен тұрғындардың алғашқы легінен өтініштерді қабылдады. Алты отбасы залалдың орнын толтыру мақсатында төленетін өтемақыны алу туралы шешім қабылдаған. Өтемақы тұрғындарға 14 күн ішінде төленеді. Қазір жылжымайтын мүлікке техникалық тексеру және бағалау жүргізу жалғасып жатыр. Барлығы - 2940 өтініш қабылданып, 2727 өтініш қарауға жіберілді. 756 үй апатты деп танылды.
Жайлаш Мұқанова, Құлсары қаласының тұрғыны:
240 мың теңге деген біз үшін жақсы қаражат. Мен ауадағы ақшаны сұрамаймын. Маған қанағаттанатындай қаражат берсе ризамын деп айтқан болатынмын. Ең жоғарғы сумма 240 дейді, мен соған ризамын.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04