Қостанай облысында 400 ауыл абаттандырылады
Ауылдық жерлерді дамытып, абаттандыру мақсатында «Жарқын ауыл» жобасы іске қосылды. Бұл туралы AMANAT партиясының баспасөз қызметі мәлімдеді. Қостанай облысының кәсіпкерлері, осы жобаны қолдау үшін 400 ауылға 10 млрд теңге бөлмекші. Биыл осы жоба аясында, тобыл өңірінде 5 жаңа мектеп салу, жұмыс істеп тұрған 51 мектепті жөндеу, 19 дәрігерлік амбулатория мен фельдшерлік-акушерлік пункт ашу, 19 елді мекенді сумен қамтамасыз ету жұмыстары жоспарланып отыр.
Бауыржан Нұрғазин, Айсары ауылдық округінің әкімі:
Бұл үлкен жоба. Бұның ауыр және жеңіл жағы да бар. Бірақ шамамыз келгенше жыл аяғына дейін осы бағдарламаны көтеру мақсатымыз, халықтың жағдайын жақсарту. Сонымен қатар, 2 жылдың көлемінде ауызсу бағдарламасы 1 млрд көлемінде проект жасалып, жұмыс басталған болатын.
Аида Ахметбек
Автор
Аида Ахметбек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04