Махамбет ауданында 22 эвакуациялық пункт дайындалды
Атырау облысы Махамбет ауданында ағысы қатты нөпір су ырық берер емес. Су тәулік сайын көтеріліп, бөгеттерді шайып кетіп жатыр. Гидробекеттегі өзен деңгейі 10 метр 20 сантиметрден асты. Ауданда Жайықты жағалай орналасқан 17 елдімекен бар. Тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру мақсатында 22 эвакуациялық пункт дайындалды. Тұрмысқа қажетті барлық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Тасымал үшін 20-дан астам техника сақадай сай тұр.
Венера Қабышева, аудандық білім бөлімінің басшысы:
Ең бірінші адамдарға қажетті ауызсумен, дәрі-дәрмекпен алғашқы көмек кезінде көрсетілетін, сонымен қатар бензинді генератор бәрі бар. Психологиялық кабинеттер бар және медбикенің бөлмесі де қарастырылып отыр.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04