Қостанайда тасқыннан зардап шеккен кәсіпкерлерге өтемақы төлене бастады
Қостанайда тасқыннан зардап шеккен 50-ге жуық кәсіпкерден өтемақы алуға өтініш түскен. Соның алғашқы екеуі бойынша, комиссия отырысы өтіп, оң шешім қабылданды. Енді олардың шығыны толық өтеледі. Комиссия отырыстары, өтініштердің түсу ретіне қарай өтеді. Ережеге сәйкес, ақшалай қаражат тиісті шешім қабылданған күннен бастап, 10 жұмыс күні ішінде кәсіпкердің есепшотына түседі. Облыс бойынша, су тасқыны салдарынан, бизнес нысандарына келген зиян орташа есеппен 27 млрд теңгеден асады.
Ольга Дорофеева, кәсіпкер:Менің «Солнечный» супермаркетінде макулатура өңдейтін кәсіпорным болды. Су тасқынынан шығынға ұшыраған соң аймақтық комиссияға өтініш бердім. Комиссия бәрін тексеріп, оң шешім шығарды. Енді санаулы күндерден соң есеп шотымызға қаржы түссе, кәсібімізді қайта бастаймыз.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04