Құлсарыда мыңнан астам тұрғын баспанасын қалпына келтіру үшін өтемақы алды
Атырау облысының Құлсары қаласында тасқыннан зардап шеккен 1100 тұрғын баспанасын қалпына келтіру үшін өтемақы алды. 722 адамға баспана сатып алуға және 443 тұрғынға үйін жөндеуге қаражат берілген. Бүгін техникалық зерделеу қорытындысын қайта қарау жұмыстары басталды.
Мамандар тұрғындардың берген өтінішінде көрсетілген ескертулерді назарға алып, жұмыс істейді. Бүлінген кәсіпкерлік нысандар да тексеруден өтіп жатыр. Бүгінге дейін 140-тан астам бизнес ғимаратын бағалау жұмыстары аяқталды.
Гүлбану Жұмақұлова, Құлсары қаласының тұрғыны:
Көрпе тігетін екі станогым, жүн түтетін станогым, іс-машиналардың неше түрі бар және жүн жуатыным бар еді, бәрі жарамсыз боп қалды. Оценщиктер келді, бәрін қарап кетті. Ақшасы көңілімнен шығып тұр.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04