Атырау қаласындағы шаруа қожалықтарының 3120 гектар аумағы суда қалды
Атырау қаласындағы шаруа қожалықтардың 3000-нан астам гектар аумағы суда қалды. 265 шаруашылықтың 37-сі тасқын су зардабын тартып отыр. Бүгінге дейін Соколок өзені бойы, Алмалы мен Еркінқала ауылдық округтері бойынша, 18 мал шаруашылығы және 19 егіс алқабы тіркелген. Тағы су басу қаупі бар 180 шаруа қожалықтарында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Қазіргі уақытта әкімдік тарапынан қиын жағдайда тап болған шаруаларға техника, жанар-жағармай, құрал-жабдықтар және малға қажетті жем-шөппен көмек көрсетіліп жатыр.
Нұржан Ермұханов, қала әкімінің орынбасары:
Шығындары комиссиямен тексеріліп, қалалық әкімшілікпен және облыстық егін шаруашылығы, кәсіпкерлік басқармасының бірлесіп, комиссия арқылы шығындары есептеліп, ақшалары төленеді.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04