Атырауда эвакуациялық пункттердегі тұрғындар үйлеріне оралды
Атырауда эвакуациялық пункттердегі тұрғындар үйлеріне оралды. Осыдан екі апта бұрын Махамбет ауданына қарасты Талдыкөл ауылының тұрғындары түгелдей қауіпсіз жерге көшірілген еді. Соңғы аптада су деңгейі төмендеп, ауылға кірме жол қалпына келтірілді. Осыған байланысты 180 азамат кері үйлеріне қайтты. Тасқын кезінде қалада 10 250 адамға шақталған 94 эвакуациялық пункт ашылды.
Бұдан бөлек Теңіз қалашығы, Құлсары қаласы мен көршілес Маңғыстау облысында да эвакуациялық пункттер жұмыс істеді. Аймақта 35 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілген еді. Қазір ахуал тұрақты. Кей жерлерде суды бөгеу үшін тұрғызылған қапшықтар қайта жиналып жатыр.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04