Алматылықтар су мен жылуға 2 млрд теңге қарыз
Шаһардың коммуналдық мекемесі жедел топ құрып, борышкерлердің құбырын осылай кесіп жатыр. Судың ақысын уақытылы төлемегендер саны былтырғымен салыстырғанда 15 пайызға артқан. Бүгін сегіз нысанның ыстық суы өшірілді. Жалпы қалада 23 мыңнан астам борышкер бар. Олардың берешегі - 830 миллион теңге, ал қалғаны 1200 ірі нысынға тиесілі. Ал ең үлкен берешек сомма -25 миллион теңге. Жыл басынан бері жылуға төлем жасамаған 1600-ден аса тұтынушыға сотқа дейінгі процесс басталды, 355 абоненттің есепшоты бұғатталды. Арнайы тексеріс кезінде 165 борышкерге ел аумағынан шығуға тыйым салынды.
Бағдаш Нұрсейітов, «Алматы жылу желісі» ЖШС коммерциялық директоры:
Кейбір абоненттер екі айдан көп төлем жасамай, борышкерлер тізіміне енген. Біз мүмкіндігінше суды өшіруге жеткізбей, алдымен қарызды өтеу қажеттілігі туралы хабарлама жібереміз. Егер борышкер ескертуді елемесе, сотқа шағымданамыз.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04