Таразда өндіріс орнынан өрт шықты
Өндіріс орнынан өрт шықты! Таразда түнгісін жоғары кернеулі трансформатор түгі қалмай жанып кетті.
Отқа оранған электромагнитті құрылғы металлургия зауытына тиесілі болған. Трансформатор ішінде 60 тонна май болғандықтан тілсіз жауды тоқтату қиынға соқты. Дегенмен 30-дан аса өрт сөндіруші шапшаң қимылдап, тілсіз жаудың зауыт ғимаратына таралуына тосқауыл болды. Сондай-ақ өзге тоқ реттеуші жабдықтарға да жалын жеткен жоқ. Әзірге оттың шығу себебі белгісіз. Шығын көлемі есептеліп жатыр.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04