Жезқазған қаласында тұрғындар қала көшелері мен саябақтарды тазартты
Жезқазған қаласында «Таза Қазақстан» акциясына 2000-ға жуық тұрғын қатысып, қала көшелері мен саябақтарды тазалады. Жасыл желектерді баптап, гүлзарларды ретке келтірді. Ал Сәтбаевта өндірістік мекемелердің аумағы тазартылды.
Гүлбану Сейтжанова, «Амаnат» партиясы саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі:
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ұлытау өңірінде ауқымды жұмыстар жүргізіліп келеді. Кеңгір өзенінің бойындағы қоқыстарды шығару жұмыстары атқарылды. Жаз айларында «Жасыл ел» жасақтары да тазалық мәселесімен айналысып жатыр.
Қаражал қаласының тұрғындары да өз аулаларын тазалап, рұқсат етілмеген орындарға төгілген қоқыстарды арнайы полигонға шығарды. Жаңаарқа, Ұлытау аудандарында көпшілік бұлақтардың айналасы мен өзен жағасын қоқыстан арылтты.
Мұрат Қазанбаев, қала тұрғыны:
«Таза Қазақстан» акциясына қала тұрғындары 1 адамдай жұмылып, қаланы тазартып жатқаны көз тойып, көңілге қуаныш ұялатар шаруа. Тазалықты сақтауда ішкі мәдениетіміз болуы керек.
Жандос Бақытұлы
Автор
Жандос Бақытұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04