Паралимпиада-2024: Ұлттық құрама қоржынында 33 жолдама бар
Париж Олимпиадасы аяқталды. Енді Паралимпиада ойындары басталады. Ерекше жандар арасында өтетін додаға 9 спорт түрінен Қазақстан тарапынан 33 лицензия бар. XVII жазғы Паралимпиада 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Франция астанасы Парижде өтеді. Жарысқа әлемнің 184 елінен 4 мыңнан астам спортшы қатысады. Байрақты бәсекеде 22 спорт түрінен 549 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Естеріңізге сала кетейік, Токио-2020 Паралимпиадасына Қазақстан Ұлттық құрамасының 25 спортшысы қатысып, 5 медаль жеңіп алды. Оның 1-і алтын, 3-і күміс, 1 қола медаль. Нәтижесінде еліміз жалпы командалық есепте 48-ші орыннан көрінген еді.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04