Жетісу облысындағы «Шыңдалы» шекара бекетінің ғимараттары толық жаңартылды
Жетісу облысында «Шыңдалы» шекара заставасының ғимараттары толықтай жаңартылды. Блокты-модульді құрастырмадан тұрғызылған нысанда 40 сарбазға арналған казарма, офицерлерге арналған баспана бар. Бұдан бөлек жылыту қазандығы, жауынгерлердің оқу бөлмелері, әскерилердің жеке кабинеттері мен асхана, медициналық бөлме қарастырылған. Застава жергілікті атқарушы биліктің қолдауымен жаңартылды. Құрылыс жұмыстарына 290 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалған. 45 жыл бұрын одақтас мемлекеттер арасында ең үздік шекара бөлімшесі деп танылған Шыңдалыда қазір 40 сарбаз отан алдындағы әскери борышын өтеп жүр. Олар Қазақстан - Қытай шекарасының 20 шақырымдай жерін күзетеді.
Дулат Төлеген, қатардағы жауынгер:
Шекара шебінде жүру әркімге бұйырмайтын бақыт. Қазақстанда қазақ жерін қорғап жүргеніме мақтанамын. Жаңа бекет салып бергеніне көп рахмет. Осындай жағдай жасалса, сарбаздар да, офицерлер де қуанып қаламыз.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04