Түркістан облысы Тәжікстанға ет экспорттауды бастады
Түркістан облысы Тәжікстанға ет экспорттауды бастады. Алғашқы екі жүк көлігі жолға шықты. Мал бордақылап, етті эспортқа шығаратын серіктестіктердің бірі көршілес елмен 110 тонна ет өнімін саудалауға келісімшарт жасасқан. Қазір осы комбинатта тәулігіне 160-тан аса ірі қара сойылып, сыртқы нарыққа саудалануда. Ет экспортының көлемін ұлғайту үшін келер жылы Арыс қаласында 25 мың бас ірі қараны бордақылайтын кешен мен Сайрам ауданында 1500 бас ірі қара малды соятын және ет өңдейтін цех ашылмақ.
Ербұлан Жәнібеков, Түркістан облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
Бізде негізгі экспорттаушы - Өзбекстан. Қазіргі таңда Иран. Сонымен қатар қазір Қытайға нарық ашылып жатыр. Соған жұмыс жасап жатырмыз, сұраныс көп. Сосын Ресей Федерациясы.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04