Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау 1 қазанда басталады
Биыл ішкі саудадағы жеке кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсету үшін республикалық бюджеттен 4 млрд теңге бөлінеді. Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков осылай дейді. Ол сауда субъектілерін жаңарту үшін мемлекеттік қолдау шаралары биылғы жылдың 1 қазанынан басталатынын айтты. Ескеретін жайт, бағдарламаға елдегі 3 мегаполис – Астана, Алматы, Шымкент қаласы қатыса алмайды. Толық ақпарат алу үшін өңірлердегі Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау Департаменттеріне хабарласуға болады.
Айдар Әбілдабеков, ҚР Сауда және интеграция министрлігі сауда комитетінің төрағасы:
Мемлекеттік қолдау шаралары 2 түрлі тәсіл арқылы көрсетіледі. Біріншісі – несие мөлшерлемесін субсидиялау. Екіншісі – несиеге кепіл беру. Жалпы мемлекеттік қолдау шаралары 4 түрлі мақсатқа бағытталған. Олар сауда базарларын жаңғыру үшін, сауда объектілерін салу, кеңейту, реконструкциялау үшін, үй жанынан дүкен салу үшін, сауда салада IT бағдарламалар жасау үшін.
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04