Атом энергетикасын дамыту – уақыт талабы
Күн, жел және судан өндірілетін энергияны көбейту керек. Бар станцияларды жаңарту қажет. Бірақ ол түпкілікті мәселені шешпейді. Сондықтан өте үлкен қуат беретін атом энергетикасын дамытуымыз керек дейді мамандар. Бүгін Шығыстағы Үлбі металлургия зауытында ашық есік күні өтіп, мамандар көпшілікті атом электр станцияларына арналған уран отынының өндірісімен таныстырды. Бүгінде кәсіпорында 4000-нан астам жұмысшы еңбек етеді. Мұнда АЭС-ке қажетті отын таблеткалары шығарылады. Ал кәсіпорын мамандары уран өндіру ісімен 70 жылдан бері айналысып келеді.
Манарбек Қылышқанов, физика-математика ғылымдарының докторы:
60-шы жылға қарай біз көміртекті бейтарапты қамтамасыз ету керек. Көмірден, газдан, мазуттан шығатын қалдықтарды жоюуымыз керек. Бұл салада тек қана жасыл энергия түрлерін қолдану болашақта осы қойған мақсатқа жетуге мүмкіндік береді. Ендеше жасыл энергия көздерін және базалық генерация жасайтын бүгінгі таңда мен өзім маман ретінде айтар едім бірден бір көзі бар ол тек атом энергетикасы.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04