Қостанай облысында үй өртеніп, бес бала қаза тапты
Қостанай облысындағы Жітіқара кентінде жер үй өртеніп, бес бала қаза тапты. Бесеуі де кәмелет жасына толмаған. Қызыл жалынның құрбаны болған баланың ең кішісі - бір жаста ғана. Өрт кезінде үйде балалар ғана болған. Үйдің 13 жастағы үлкені ғана аман қалған. Баспана таңға жуық отқа оранған. Анасы танысына кеткен, ал әкелері түрмеде екен.
Болжам бойынша, өрттің шығуына пештегі отты қараусыз қалдыру себеп болған. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысын елдің Бас прокуроры бақылауына алды.
Сонымен қатар, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева , өрттен қаза тапқан балалардың ата-анасы мен жақындарына көңіл айтты. Сондай-ақ, оларға психологиялық көмек көрсетіліп жатқанын әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. Өңірлік уәкілдің оқиға орнында екенін жеткізді.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04