Қостанай облысында 158 сауда орны азық-түлікті негізсіз қымбаттатқан
Қостанай облысында 158 сауда орны әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің құнын негізсіз қымбаттатқан. Талап бойынша халық көп тұтынатын тауарға үстеме ақы 15 пайыздан аспауы тиіс. Ал тексеріс барысында күріш, жұмыртқа, қант пен көкөністің бағасын 20 пайыздан 40 пайызға дейін өсіріп жіберген. Мұны мамандар тұрғындардың шағымы бойынша білген. Заң бұзғандардың арасында шағын дүкендермен қоса ірі супермаркеттер де бар.
Мырзахан Ерқанов, облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің басшысы:
Қазіргі таңда заң талаптарына өзгерістер енгізу жоспарланып жатыр, келесі жылы. Мысалы ескертудің орынына бірден айыппұл салу туралы. Өйткені бұл әлеуметтік маңызы бар тауарлар бұл халықтың күнделікті пайдаланатын тауарлары болғандықтан кәсіпкерлік субъектілері құқықбұзушылықты болдырмас үшін.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04