Хасан Қасымбаев уақытша ұстау изоляторына қамалды
Көпшілік арасында «Хутор» ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі деп танылған атышулы Хасан Қасымбаев ұсталды. Ол адам ұрлығына және ұрып-соғуға қатысы бар деген күдікке ілінді. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаменті хабарлады.
Міне, бейнебақылау камерасында көрсетілгендей, дүкенге кіріп бара жатқан ер азаматты әлдекімдер соққыға жығып, кейін көлікке салып алып кеткен. Бұл оқиға 2021 жылы Талғарда болған. Кейін 5 жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғалып, барлығы сотталды.
Облыстық полиция департаменті Хасан Қасымбаевты осы іске қатысты күдікті деп танып отыр. Қазір атышулы Қасымбаев уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстардың мән-жәйі анықталып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04