Жыл волонтерлері анықталды
Бүгін – халықаралық еріктілер күні. Көпшілікке көмек қолын созып, игі іс жасап жүрген жандардың мерекесі аясында, Елордада Қазақстанның үздік волонтерлері марапатталды.
«Жыл волонтері» атты халықаралық сыйлыққа биыл 15 бағыт бойынша 118 өтінім түскен. Қатысушылар түрлі волонтерлік жобалар мен бастамалар дайындаған. Комиссия қарауының нәтижесінде, үздік деп танылған 47 үміткер іріктеліп, сыйлық иегері атанды. Сондай-ақ, шарада «Игі істер марафоны» жобасының 5 номинациясы бойынша жеңімпаздар марапатталды.
Айбек Досымбетов, Ұлттық волонтерлер фронт-офисінің жетекшісі:
Волонтер деген түсінік біздің асар деген ұғыммен пара-пар келеді ғой бұл жерде. Жасалып жатқан іске рахмет айту бір жағынан. Волонтерлар деген кім деген сұрақ қойылып жатады көбінесе. Өз шынайы ниетіменен, өз уақытын қиып, өзінің арнайы жұмысын тастап, өзгенің игілігі үшін қызмет атқаратын жандар. Сондықтан да оларды елеп, ескеру ешқашан артық болмайды.
Темірлан Нұрсолтан
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04